
Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департамент «Сарыарқа» ӘКК» АҚ қызметіне талдау жүргізді.
«Сарыарқа» ӘКК ұсынған мәліметтерге сәйкес, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі корпорацияға үлестік қатысы бар 2 кәсіпорын әрекет етпеуде:
- «Қазчерметавтоматика» АҚ (табиғи және техникалық ғылымдар саласындағы өзге де зерттеулер мен әзірлемелер);
- «СЗЦ Абайский» ЖШС (жылқы өсіру, шөп (шабындық) сату, арнайы техниканы жалға алу).
Қазақстан Республикасының Үкіметімен мемлекеттік кәсіпорындар акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесі бекітілген.
Бұл тізбеде осы кәсіпорындар үшін рұқсат етілген қызмет түрлері белгіленген. «Қазчерметавтоматика» АҚ қызметінің түрлері аталған тізбенің талаптарына сәйкес келмейді.
Талдау барысында анықталғандай, мемлекеттің 100% қатысуымен «Сарыарқа «ӘКК» АҚ-ның ұйымы болып табылатын Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында өз қызметін жүзеге асыратын және АӨК субъектілеріне қаржылық қолдау көрсету арқылы мемлекеттік аграрлық саясатты іске асыруға жәрдемдесуге бағытталған «Арка» басқарушы инвестициялық компаниясы» АҚ қызметінің түрлері де қызмет түрлерінің бекітілген тізбесінің талаптарына сәйкес келмейді.
Анықталған фактілер негізінде «Сарыарқа» ӘКК» АҚ-ға «Қазчерметавтоматика» АҚ, «СЗЦ Абайский» ЖШС және «Арка» басқарушы инвестициялық компаниясы» АҚ кәсіпорындарын бәсекелес ортаға беру туралы нұсқама шығарылды.
Нұсқаманың орындалу мерзімі - 2021 жылғы 08 желтоқсанға дейін.