
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (БҚДАД) Алматы облысының географиялық шекарасында тауық жұмыртқасын өндіру және сату нарығына бағаның негізділігі тұрғысынан талдау жүргізді.
Талдау жүргізу барысында «Қазақстан құстары» ЖШС және «Когер ЛТД» ЖШС іс-әрекеттерінде С-1 санатындағы тауық жұмыртқаларына баға белгілеу бойынша келісілген іс-әрекеттерде көрініс тапқан бәсекелестік заңнаманы бұзушылық белгілері анықталды.
Анықталған белгілердің негізінде өндірушілердің атына өз өнімін өткізу кезінде келісілген іс-әрекеттер жасаудан бас тарту, тауық жұмыртқасына экономикалық негізделген бағаны белгілеу жолымен монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы хабарламалар шығарылды.
Қазіргі уақытта құс фабрикалары хабарламаларды орындады, С-1 санатындағы жұмыртқаларды сату бағасын «Когер ЛТД» ЖШС 12,5% - ға, «Қазақстан құстары» ЖШС 3,2% - ға түсірді.
Сурет ашық көздерден алынды