
Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы департамент домофон бойынша қызмет көрсету нарығында талдау жүргізу барысында домофон жүйелерін орнату және қызмет көрсетумен айналысатын 4 кәсіпкердің тұтынушылармен жасалған шарттарында бәсекелестік заңнаманың бұзу белгілерін анықтады.
Анықталғандай "Модус-KZ" ЖШС, ЖК Мельберт С. А., ЖК Головченко В. А., ЖК Лозинская С. С. домофон жабдығын орнатуға шарт жасау кезінде тұтынушыларға домофон жүйесіне техникалық қызмет көрсету қызметін тықпалаған.
Бұл ретте, С.А. Мельберт ЖК, В. А. Головченко ЖК, С. С. Лозинская ЖК жасалған шарттар шеңберінде тұтынушыларға солардан ғана сатып алынған электрондық кілттерді пайдалануды негізсіз мәжбүрледі.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабының талаптарына сәйкес төрт домофон компаниясына олардың әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жіберілді.
Хабарламаны орындамау тергеп-тексеруді тағайындау үшін негіз болады.
Сурет ашық көздерден алынды