
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мен «Идеал Маркет» ЖШС, «Анвар» ЖШС, «СҮ - Ярмарка» ЖШС, «Marco (Марко)» ЖШС ірі супермаркеттері, «Ерланова А.Е.» ЖК, «Мутаирбаев А.» ЖК, «Утегенов Б.» ЖК, «Евразия» ЖК «Астрахань» шағынмаркеттері және «Карат LLP» ЖШС («Дәулет» бренді) сауда желілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына қосатын үстемеақыны 15%-тен 10%-ке дейін төмендету бойынша монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісіне қол қойды.
Қол қойылған құжат сауда желілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату нарығындағы адал бәсекелестік саясаты мен ережелерін, оның ерекшелігін, құрылымын ескере отырып айқындайды, өз кезегінде нарық субъектілерінің қызметіне немесе нақты бір жағдайға қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын түсіндіру актісі болып табылады.
Монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісі нарық субъектісі үшін қандай да бір материалдық және өзге де артықшылықтар бермейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын сақтау қажеттілігінен және жауапкершіліктен босатпайды, алайда оны бұзу тәуекелдерін барынша азайтады.
Сурет ашық көздерден алынды