
2021 жылдың 24 қарашасында дизель отынының биржалық сауда-саттығы басталады.
Дизель отынын биржалық сауда-саттыққа шығару туралы шешім ҚР Энергетика вице-министрі А.Мағауовтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Биржалық комитетінің мұнай өнімдері жөніндегі кіші комитетінің 2021 жылғы 15 қарашадағы отырысында қабылданды.
Дизель отынын тауар биржалары арқылы өткізу көлемін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган ҚР Энергетика министрлігі белгілейді.
Сауда-саттықтар ҚР Биржалық комитеті бекіткен тауар биржалары арқылы мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу жөніндегі ұсынымдар (секциялық қағидалар) шеңберінде өтетін болады.
Мұнай өнімдері саудасын ұйымдастырушылар ретінде екі тауар биржасы («Еуразиялық сауда жүйесі» Тауар биржасы» АҚ және «Каспий» Тауар биржасы» АҚ) ұсынылды, сауда құралдарын, жеткізу ерекшеліктері мен базистерін уәкілетті орган ҚР Энергетика министрлігімен бекітілді.
Кіші комитет отырысының хаттамасымен ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында танысуға болады (https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/231495?directionId=15859&lang=ru)
Дизель отыны сауда-саттық кестесімен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ресми телеграм-каналынан таныса аласыздар АЗРК#новости#аналитика (https://t.me/sovetpobaryeram).
Анықтама:
Қазақстан Республикасының биржалық комитеті Консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оның құрамына ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы мен төрағасының орынбасары, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары, "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, KASE басқарма төрағасының кеңесшісі кіреді. Биржа комитеті көмір, авиациялық отын, газ және мұнай өнімдерінің биржалық саудасы бойынша іскерлік ойындармен қоса, осы нарықтардың нақты сатушылары мен сатып алушыларының қатысуымен бірқатар отырыстар өткізді, онда сауда-саттықта жаңа тәсілдер пайдаланылды. Биржа комитеті жанынан құрылған көмір, мұнай өнімдері, Ауыл шаруашылығы секторы, цемент жөніндегі шағын комитеттер белсенді жұмыс істейді. 2020 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін нарық қатысушыларын биржалық саудаға кедергісіз кіру бойынша ауқымды оқыту жүргізілуде. 2020 жылдың соңында биржалық тауарлар тізбесіне бензин, битум, авиакеросин, дизель отынымен қоса, мұнай өнімдері тобы енгізілді. 2021 жылдың 31 наурызында бензин мен битумның биржалық саудасы басталды. 24 мамырда өңірлік операторлардың тікелей өндірушіден делдалдарсыз сатып алуы үшін қолжетімді шағын партиялармен көмір разрездері өндірген көлемнің 10% - ын сату, ал 22 қыркүйекте авиа отын саудасы басталды. 2021 жылғы 17 маусымда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанынан Ахуалдық орталық іске қосылды, оның базасында Биржалық комитет тауар биржаларының, биржалық тауарлар бойынша биржалық және биржадан тыс баға белгілеулердің, оның ішінде монополияға қарсы талаптардың сақталуы бойынша мониторинг жүргізеді.
Сурет ашық көздерден алынды