
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің азық-түлік тауарларына баға белгілеуінің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды көтерме нарықтарға баса назар аудара отырып тексеру жұмысы шеңберінде Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департамент 2021 жылы қаңтар-шілде аралығында 1-сұрыпты бидай ұнын өндіру және сату құнына талдау жүргізді.
Талдау барысында 1-сұрыпты бидай ұнын өндіру және көтерме сату бағаларының динамикасы қаралды.
«Эталон ЛТД» ЖШС 2021 жылғы қаңтар-маусым аралығында 1-сұрыпты бидай ұнын түрлі бағалар бойынша сатқаны анықталды.
Монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың анықталған белгілерінің, атап айтқанда, нарық субъектілерімен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бірдей келісімдерге объективті түрде ақталмайтын себептермен әртүрлі бағаларды не әртүрлі шарттарды қолданудың негізінде Департамент «Эталон ЛТД» ЖШС атына бәсекелестікке қарсы бұзушылықтарды жою туралы хабарлама енгізді.
Бүгінгі күні кәсіпорын хабарлама орындады. «Эталон ЛТД» ЖШС бір брендтің 1-сұрыпты бидай ұнын, тиісінше, бірдей сапада сату кезінде бірдей бағаларды, бірдей шарттарды қолдануға міндеттеледі.
Сурет ашық көздерден алынды