МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АЛҒЫ СӨЗІМЕН "БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ САЯСАТ. БАЗАЛЫҚ КУРС" ОҚУ ҚҰРАЛЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АЛҒЫ СӨЗІМЕН "БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ САЯСАТ. БАЗАЛЫҚ КУРС"  ОҚУ ҚҰРАЛЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

 

Оқу құралы 2021 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы "Бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы" Жарлығын іске асыру аясында ұйымдастырылған "Бәсекелестік құқық" білім беру бағдарламасы бойынша магистратура студенттеріне арналған. КАЗГЮУ базасында магистранттарды оқыту 2022 жылдың қаңтар айынан басталады. 

Оқу құралының алғы сөзінде бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу және проактивті бәсекелестік саясатын енгізу Президент, Үкімет, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің басым бағыты болып жарияланғаны айтылады.

"Магистратура түлектеріжақын арада монополияға қарсы орган қызметкерлерінің, жеке және мемлекеттік компаниялардың экономистері мен заңгерлерінің қатарын толықтырады деп үміттенемін", – деп атап өтеді  Қасым-Жомарт Тоқаев кітаптың алғы сөзінде.

Оқу құралының мазмұнына ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің редакциясымен монополияға қарсы реттеу жетекші мамандарының халықаралық командасы еңбек етті. Олар: Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығының президенті Алдаш АЙТЖАНОВ, "Саят Жолшы и Партнеры" адвокаттық кеңсесінің серіктесі және адвокаты Әмір БЕГДЕСЕНОВ, "Саят Жолшы и Партнеры" адвокаттық кеңсесінің басқарушы серіктесі, Қазақстанның Жоғары Сот Кеңесінің Біліктілік комиссиясының төрағасы Айдын БИКЕБАЕВ, ЕЭК Мемлекеттік сатып алу саласындағы бәсекелестік саясат және саясат департаментінің директоры Әлия Жұмабаева, Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы басқарушы кеңесінің төрайымы Жаннат Ертілесова, БРИКС халықаралық бәсекелестік құқық және саясат орталығының директоры Алексей ИВАНОВ, Сібір басқару институты-РАНХиГС филиалы бәсекелестік саясаты және экономика орталығының ғылыми зертханасының жетекшісі Ирина КНЯЗЕВА, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат САМБЕТОВ.

Рецензиялаушылар: Еуразиялық экономикалық комиссияның монополияға қарсы реттеу департаментінің директоры Алексей СУШКЕВИЧ және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының профессоры Тимур Баймұханов.

Оқулықта монополияға қарсы заңнаманы қолдану тәжірибесі талданып, бәсекелестік құқықта қарастырылатын тыйымдар жария етілді, сондай-ақ құқықтық жауапкершілік саясаты ашылды. Экономиканың жаңа секторларында монополияға қарсы реттеу қарастырылды.

— Бүгінгі күннің негізгі міндеті – мемлекеттің экономикадағы рөлі мен орнын анықтау, оқу құралы тарауларының бірі осы тақырыпқа арналған, – деп атап өтті Серік Жұманғарин. – Бұдан бөлек, кітапта монополияға қарсы қозғалыстың дамуын, бәсекелестікті қорғау және дамыту саясатын айқындайтын қазіргі заманғы үрдістер, трендтер, сондай-ақ болашақтың форсайты егжей-тегжейлі сипатталған. Бұл – оқу құралын қазіргі заманғы кәсіпорын басшыларына, тәуекел-менеджерлерге, монополияға қарсы заңгерлерге, монополияға қарсы орган қызметкерлеріне, экономистер мен заңгерлерге пайдалы етеді. Бірақ, ең алдымен, монополияға қарсы реттеу мәселелері бойынша студенттер мен оқытушылар үшін өзіндік гид болып табылады, осы салада стратегиялық шешімдер қабылдау кезінде қазіргі заманғы тәсілді қалыптастыруға көмектеседі.

"Бұл оқу құралы жоғары оқу орындарына арналған алғашқы білім беру кітабы ғана емес, сонымен қатар қоғамда бәсекелестік мәдениеті туралы білімді, елдегі тиімді және қолайлы кәсіпкерлік климатты қалыптастыруда көптеген мәселелерді қарастыратын кітап", – дейді Ирина КНЯЗЕВА, ФГБОУ "Бәсекелестік саясат және экономика орталығы" ғылыми зертханасының жетекшісі "Сібір басқару институты - РАНХиГС филиалы", экономика ғылымдарының докторы.

-Президент Қасым-Жомарт Тоқаев монополияға қарсы агенттіктің төрағасы Серік Жұманғариннің редакциясымен шыққан "Қазақстан Республикасының бәсекелестік құқығы мен саясаты" атты жаңа оқу құралының алғы сөзін жазды. Бұл Мемлекет басшысының бұл саланы білетіндігін және өзгерістерді қолдайтынын көрсетеді, – деп жазды Айдын БИКЕБАЕВ өзінің Facebook-тегі парақшасында.

- Серік Мақашұлы Жұманғариннің жетекшілігімен халықаралық авторлар ұжымы дайындаған оқу құралы (базалық курс) Қазақстандағы монополияға қарсы реттеудің 30 жылдық тарихындағы осындай ауқымдағы және форматтағы алғашқы еңбек болып табылады, – дейді "Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы" АҚ президенті, экономика ғылымдарының кандидаты Алдаш АЙТЖАНОВ.

- Монополияға қарсы құқық бүгінде Елеулі трансформацияны бастан кешуде. Жаһандану және үйреншікті бизнес-модельдердері ауысқан  кезеңде монополияға қарсы құқықтың дәстүрлі әдістері мен тәсілдері тиімді жұмыс істемейтінін көріп отырмыз. Көптеген юрисдикциялар қазір антитрасты жандандырып, оны өзекті және қазіргі заманға бейімдеу үшін жаңа шешімдерді, монополияға қарсы саясаттың жаңа парадигмасын іздеу үстінде. Мұндай жағдайда монополияға қарсы сарапшылардың жас буыны, тек монополияға қарсы құқықты зерттейтін студенттер, осы тез өзгеретін әлемде ондаған жыл бұрын тиімді болған догмаларды, стандартты тәсілдерді жаттап алмау керек, бірақ қалыптасқан модельдерге сыни тұрғыдан ойлау мен сыни тұрғыдан қарауды үйрену керек екенін түсінуі керек. Серік Мақашұлы Жұманғариннің жетекшілігімен автор ұжымы дайындаған оқулық – бұл халықаралық қоғамдастық үшін де  жаңа экономикалық нарықта болып жатқан процестерді сыни тұрғыдан түсіндіретін бірегей құрал, - деп түсіндіреді оқулық авторларының бірі, ЭЖМ ҒЗУ жанындағы БРИКС халықаралық бәсекелестік құқық және саясат орталығының директоры Алексей ИВАНОВ.