БҚДА МЕН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК ӨКІЛДЕРІ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

БҚДА МЕН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК ӨКІЛДЕРІ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Дүниежүзілік банк өкілдері жеке және қаржы секторларын дамыту мәселелері бойынша Қазақстанға жұмыс сапарлары аясында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшылығымен кездесіп, Агенттік қызметінің жоспарлары мен жаңа, әлеуетті бағыттарын талқылады. БҚДА төрағасының орынбасары Марат Омаров кездесу қатысушыларын агенттік жобалары шағын және орта бизнесті қолдауға, Қазақстан экономикасын кезең-кезеңмен мемлекет иелігінен алуға бағытталғаны туралы хабардар етті.  Сондай-ақ, Марат Талғатұлы  кездесуге қатысушыларды Агенттіктің телекоммуникация саласындағы жоспарланған реформалары туралы хабардар етті.

 Атап айтқанда, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп радиожиіліктердің алғашқы аукционын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Оның айтуынша, бұл радиожиіліктердің бос жолақтарын бөлудің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді.  Сондай-ақ, дәрілік заттардың бағасын қайта реттеу бойынша алдағы реформа туралы айтып берді.

Дүниежүзілік банк өкілдері Агенттіктің бастамаларын оң қабылдады, өз тараптарынан алдағы жобаларға метологиялық және талдамалық қолдау ұсынды. Тараптар көтерілген мәселелер бойынша өз тәжірибелерімен алмасуға келісті және келешекте бәсекелестікті дамыту жөніндегі әлеуетті жобаларды бірлесіп талқылауға ниет білдірді.