ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ АУМАҚТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТТЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫМЕН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ АУМАҚТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТТЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫМЕН  СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Семинарда аумақтық Департаменттердің басшыларына Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»  Заңдары және "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары түсіндірілді.

Агенттіктің Адами ресурстармен жұмыс басқармасы басшысы А. Мухаметжанова, семинар қатысушыларының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі,  мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау бойынша қойылатын талаптар, қаржы бақылау шаралары, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары, конкурс өткізу қағидасы, арнайы тексеруге жолданатын құжаттар, еңбек тәртібі, жұмыс уақытын тиімді пайдалану, үстеме жұмысқа тартуды рәсімдеу, вакцинациялау мәселелері туралы сұрақтарына жауап берді.