ЕКІ ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ КЕЛІСІЛГЕН ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ БОЙЫНША ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ЕКІ ӨҢІР КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ КЕЛІСІЛГЕН ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ БОЙЫНША ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«УралМеталлинвест» ЖШС және «Қазтемірконтракт» ЖШС белгіленген уақытта  Атырау облысы бойынша монополияға қарсы департаментінің бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактілерін жою бойынша хабарламасын орындамады. Атырау облысы бойынша монополияға қарсы департамент бәсекелестікті шектеуге бағытталған келісілген іс-әрекеттерді растау немесе жоққа шығаратын нақты деректерді анықтау мақсатында тергеп-тексеруді бастады.   

Басталған тергеп-тексеру Батыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы органның «Металл-Сервис KZ» ЖШС-не қатысты жүргізіліп жатқан тергеуімен біріктірілді.

 

Сурет ашық көздерден алынды