ҚАЗАҚСТАНДА 7 ЕЛДІҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ САРАПШЫЛАРЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ ЖАЙ-КҮЙІН БАҒАЛАУ МЕН ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІН ТАЛҚЫЛАУДА

ҚАЗАҚСТАНДА 7 ЕЛДІҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ САРАПШЫЛАРЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ ЖАЙ-КҮЙІН БАҒАЛАУ МЕН ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІН ТАЛҚЫЛАУДА

2021 жылғы 7 қазанда Алматыда VII Еуразиялық монополияға қарсы форум жұмысын бастады. Бәсекелестікті дамыту саласындағы ең өзекті мәселелерді талқылау және тәжірбе алмасу үшін 7 елдің монополияға қарсы ведомстволарының басшылары және 6 халықаралық ұйымның өкілдері онлайн және офлайн форматта Қазақстанда жиналды. Олар: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаккалиев, Еуразиялық экономикалық одақ сотының төрағасы Эрна Айриян (онлайн), Ресей Федералдық монополияға қарсы қызметі басшысының орынбасары Андрей Цыганов, Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрінің бірінші орынбасары Иван Вежновец (онлайн), ЭЫДҰ Бәсекелестік жөніндегі комитетінің төрағасы Фредерик Женни (онлайн), Түркияның бәсекелестік жөніндегі ведомствосының вице-президенті Тиряки Фаик Метин (онлайн), ЮНКТАД бәсекелестік саясаты және тұтынушы саясаты бөлімінің басшысы Тереза Морейра (онлайн) және Еуразия құрлығы аумағындағы ұлттық және трансшекаралық нарықтарды монополияға қарсы реттеу саласындағы басқа да халықаралық сарапшылар.

Форумға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин қатысушылардың назарын бәсекелестікті дамытуға және үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып монополияға қарсы заңнаманы жетілдіруге көмектесу Агенттік қызметінің басым бағыттары болып табылатынын атап өтті. "Біздің елдеріміздің нарық субъектілері үшін тең бәсекелестік жағдай – ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы болып табылады", - деп атап өтті ол.

"Цифрлық платформалардың қызметін кеңейту, халықаралық картельдерді жандандыру, трансұлттық корпорациялардың рөлін күшейту сияқты бәсекелестікті дамытудың жаңа сын-қатерлеріне іс жүзінде ұлттық деңгейде тиімді жауап беру мүмкін емес. Осы тұрғыда комиссия мен ұлттық монополияға қарсы ведомстволардың ынтымақтастығы бірінші орынға шығады. Сондықтан Еуразиялық монополияға қарсы форум сияқты алаңдар бізге тиімді пікір алмасуға ғана емес, сонымен қатар "сағаттарды салыстырып тексеруге", одан әрі ынтымақтастықтың векторларын анықтауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті өз сөзінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаккалиев.

 

 

Монополияға қарсы форумның бірінші күні РФ ЭЖМ ҒЗУ жанындағы БРИКС халықаралық бәсекелестік құқық және саясат орталығының ҚР Бәсекелестік құқық, инновациялар және саясат халықаралық орталығымен стратегиялық серіктестігі туралы келісімге қол қойылды.

VII Еуразиялық монополияға қарсы форум қатарынан екі күн 7-8 қазан аралығында өтеді. Бұл алаңда қатысушылар тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін бағалаудың және тергеу жүргізудің жаңа тәсілдерін, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестік бұзылған кезде нарық субъектілерінің өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мүмкіндіктерін, бәсекелестер арасындағы дауларды шешу практикасын, нарық субъектілерінің мүдделерін қорғаудың практикалық мәселелерін және басқа да өзекті кейстерді талқылайды.

 

Анықтама:

Жыл сайынғы халықаралық монополияға қарсы Еуразиялық форум Қазақстанда 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Бірінші форум 2014 жылы сәуірде Астана қаласында "Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық кеңістіктің монополияға қарсы заңнамасы" тақырыбында өтті. 2015 жылғы мамырда және 2016 жылғы сәуірде Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шарт күшіне енгеннен кейін монополияға қарсы форум "Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың монополияға қарсы заңнамасы" тақырыбында жаңа институционалдық шындықтар контекстінде өткізілді. Форумның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және "Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы" АҚ болып табылады.

Форумды өткізуді жыл сайын Еуразиялық экономикалық комиссия (Мәскеу қ., Ресей), Еуразиялық экономикалық одақтың соты (Минск қ., Беларусь), монополияға қарсы сарапшылар қауымдастығы (Мәскеу қ.), Еуразиялық монополияға қарсы қауымдастық (Мәскеу қ.) және монополияға қарсы сарапшылар Альянсы (Нұр-сұлтан Қ.) қолдайды.