
2021 жылғы 27 қазанда елордалық монополияға қарсы департамент жанындағы Кедергілер жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және медициналық қызмет көрсету кезінде бәсекелестікті шектеу мәселелері қаралды. Отырыс жұмысына өкілетті мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар қатысты.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі шектеулер мәселесі бойынша кәсіпкер Азат Жалкеев сөз сөйледі. Оның пікірінше, Мемлекеттік сатып алу туралы ережелердің әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінде авторизациялық хаттардың, яғни өндірушілердің не олардың ресми өкілдерінің хаттары немесе куәліктерінің болуы туралы талабы, бәсекелестікті шектейтін тосқауыл болып табылады, соның салдарынан қатысушылардың әлеуетті өкілдерінің көпшілігі конкурсқа қатыса алмайды.
Медициналық қызмет көрсетудегі кедергілер бойынша «Медконструктор» коммерциялық емес консорциумының өкілі Лейла Даирбаева баяндады. «Нұр-Сұлтанда Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспары (ӨКП) әлі күнге дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен келісілмегенін. Соның салдарынан жеке медициналық ұйымдар мемлекеттік қызмет көлемін ала алмайтын жатыр» – деді спикер өз сөзінде.
Сондай-ақ, екінші сұрақ бойынша қазақстандық гематолог дәрігерлер қоғамының өкілі Ирина Пивоварова сөз сөйледі. Ол денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен белгіленген медициналық қызметтерді көрсетуге лицензия алуға қойылатын талаптар туралы айтты, соған сәйкес медициналық ұйымдар жабдықтаудың ең төменгі стандартын қамтамасыз етуге міндетті. Сарапшының дәлелдеріне сәйкес, бұл талаптар өте жоғары, олар көп салалы клиникалар үшін жабдықпен жабдықтауға қолданылады.
Барлық көрсетілген мәселелер бойынша өкілетті мемлекеттік органдар да баяндама жасады.
Отырыста анықталған кедергілер ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қарауына жолданды.
Сурет ашық көздерден алынды