
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті облыстың географиялық шекарасында өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қатысты талдау жүргізді.
Кәсіпкерлік кодекстің нормаларына сәйкес өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғаларға құру монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырылады.
Алайда, талдау жүргізу шеңберінде Құрманғазы және Махамбет аудандарындағы 2 балабақшаның құрылуы монополияға қарсы органнның келісімінсіз жүзеге асырылғандығы анықталды.
Осылайша, Атырау облысы Білім басқармасы Құрманғазы және Махамбет аудандарының білім бөлімдерінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының Құрманғазы және Махамбет аудандық тіркеу және жер кадастрі бөлімдерінің әрекеттерінде монополияға қарсы органның келісімінсіз мемлекеттік кәсіпорындарды, яғни балабақшаларды құру оны одан әрі мемлекеттік тіркеуден өткізу кезінде Бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық фактілері анықталды.
Осыған орай, аудандық білім бөлімдеріне және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының аудандық тіркеу және жер кадастрі бөлімдеріне Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын бұзушылықтарды тоқтату туралы нұсқама жолданды.
Сурет ашық көздерден алынды