БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ ЖАНЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕСКЕ АККРЕДИТТЕУ БАСТАЛДЫ

БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ ЖАНЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕСКЕ АККРЕДИТТЕУ БАСТАЛДЫ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (Агенттік) Агенттік жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңеске жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды жыл сайын аккредиттеуді жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.

Аккредиттелген бірлестіктер мен ұйымдар Агенттік әзірлейтін, жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу құқығына ие болады.

Аккредитация алу үшін Агенттікке келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) белгіленген нысандағы өтiнiш;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімі.

Аккредиттеуді өткізу тәртібі туралы толық ақпаратпен https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1800000799 сілтемесі бойынша танысуға болады.

МАҢЫЗДЫ! Құжаттарды қабылдау мерзімі осы хабарландыру жарияланған күннен бастап (05.11.2021 ж.) он жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

БАЙЛАНЫСТАР: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел 8 даңғылы, Министрліктер Үйі, 1 кіреберіс, кеңсе телефоны: 8(7172) 74-31-26.

 

 

Сурет ашық көздерден алынды