
2021 жылдың 6 қазанында Ұлттық экономика министрлігі жерлеу және зираттарды күтіп-ұстау жұмыстарын ұйымдастыру типтік ережелеріне өзгерістер енгізді, бұл өзгерістер зираттарды күтіп-ұстау қызметтерін конкурстық іріктеу арқылы сатып алуды көздейді.
Осылайша, осы нарықта бәсекелестікті шектейтін тағы бір әкімшілік кедергі жойылды, жергілікті атқарушы органдар жекелеген компанияларға басым құқық бере отырып, ұзақ мерзімге (50 жылға дейін) өтеусіз пайдалану құқығымен сенімгерлік басқаруға беріп келді.
Жергілікті атқарушы органдардың зираттарға күтім жасау қызметтерін жекелеген кәсіпкерлерге сенімгерлік басқаруға беру тәжірибесі ұзақ уақыт бойы Ақмола, Қарағанды, Атырау, Қостанай, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, БҚО-да жұмыс істеді, бұл «мәңгілік басқарушы» синдромына алып келді, өйткені кәсіпкерлерге ұзақ мерзімді шарт көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту қажеттілігін туындатқан жоқ. 2020 жылы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жерлеу қызметтерін көрсету нарығында жүргізген талдау көрсеткендей, Қазақстан аумағында 203-тен астам зират салынған, оларға 76 компания күтіп ұстау қызметтерін көрсетеді. Ал Шамамен екі есе көп, яғни 140-тан астамы қабірлерді қазу, мәйіттерді жерлеу, жерлеу орындарын абаттандыру бойынша жерлеу қызметтерін көрсетумен айналысады. Талдау барысында монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталды - Маңғыстау облысындағы зираттарға қызмет көрсетуге тендер өткізілмеген, Ақмола облысында жерлеу қызметтеріне монополиялық жоғары баға белгіленген.
Осы түзетулер Ұлттық экономика министрлігінің титік ережелеріне зираттарды сенімгерлік басқаруға беру практикасын алып тастауға бағытталған, бұл тиісінше нарық субъектісінің зират аумағында ұзақ мерзімге жерлеу қызметтерін көрсету бойынша басым жағдайды жоққа шығарады. Осылайша нарықтың барлық субъектілері үшін тең қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Есесіне, бюұл ережедер рұқсат беру немесе бас тартуды шектеуге жол бермейді, осылайша барлық кәсіпкерлік субъектілеріне жерлеу қызметтерін көрсетуге тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Сурет ашық көздерден алынған