ДОМОФОН ЖҮЙЕЛЕРІН ОРНАТУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НАРЫҒЫНДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР

ДОМОФОН ЖҮЙЕЛЕРІН ОРНАТУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НАРЫҒЫНДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР

Ағымдағы жылдың 29 қазанда өткізілген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы Кедергілер жөніндегі кеңес отырысында домофон жүйелерін орнату және қызмет көрсету нарығындағы кедергілер талқыланды.

Отырысқа кедергілер кеңесінің мүшелері, домофон жүйесін орнату және жөндеу бойынша қызмет көрсететін кәсіпкерлер, тұтынушылар қатысты.

Кедергілер жөніндегі кеңесте домофон қызметі тұтынушысының өтініші қаралды, онда, көппәтерлік домофон байланысы және құлыптау құрылғысы бойынша қызметтерді алу кезінде әділ және тең қарым-қатынас орнату қажеттігі туралы мәселе көтерілді. Атап айтқанда, тұтынушы тұтынушымен келісілген сметалық есеп негізінде тұтынушының нақты шеккен шығындарын ғана төлеуді ұсына отырып, көрсетілген қызмет үшін төлем құнына назар аударады. Домофон компаниялары көрсететін қызметтер бойынша қолданыстағы келісімшарт тақырыбы қозғалды, бұл келісімшартарда тұтынушылардың құқығына нұқсан келтірілген.  

Өз кезегінде, бүкіл подъезд бойынша жеткізуші қызметтерін ауыстыру үшін  барлық пәтер иелерінің бас тартуы қажет, бұл тұтынушылардың пікірінше, бәсекелестікті шектейді және тауарларды (қызметтерді) еркін таңдау құқығын бұзады.

Талдау барысында Петропавл қаласының аумағында домофондық жүйе қызметін 8 субъекті көрсететіні анықталды.

Домофонды орнату кезіндегі маңызды нәрсе - орнатылған жабдықтың болуы.

Тұрғын үйдің кіреберісіне домофонды орнату және қызмет көрсету туралы шешім кондоминиум объектісін басқару тұрғындарының жалпы жиналысында қабылдануы тиіс.

Тұрғын үйдің кіреберісінде орнатылған домофон жабдығы домофон компаниясының балансында қалады, келісімшартқа сәйкес орнатылған жабдыққа қызмет көрсетуді компания өзіне қалдырады, осыған байланысты домофон жүйелерін орнату және қызмет көрсету шығындары субъектілердің бірыңғай тарифінде көрсетіледі.

Домофон компаниялары өкілдерінің айтуынша, қолданыстағы техникалық шарттар қолданыстағы қызмет көрсету жүйесіне өзгерістер енгізуге мүмкіндік бермейді.

 Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар кедергілерді және осы саладағы монополияға қарсы заңнаманы бұзудың ықтимал белгілерін жою мақсатында Монополияға қарсы департамент жүргізетін домофон жүйелерін орнату және қызмет көрсету бойынша қызметтер нарығын талдауды жалғастыру туралы шешім қабылдады.

 

Сурет ашық көздерден алынды