2022 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ КАЗГЮУ-ДА БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША МАГИСТРАТРЛЕРДІ ДАЙЫНДАУ БАСТАЛАДЫ

2022 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ КАЗГЮУ-ДА БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША МАГИСТРАТРЛЕРДІ ДАЙЫНДАУ БАСТАЛАДЫ

Бәсекелестік абстрактілі ұғым емес, бұл Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 5 мың тауар нарығының барлығында туындайтын мыңдаған проблемалар. Мемлекет басшысы өткен жылдың соңында Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға бәсекелестікті дамытуға басым көңіл бөлуді және проактивті бәсекелестік саясатын енгізуді тапсырды. Мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге, ірі ұлттық компанияларға, ірі жекеменшік компанияларға және мемлекеттің үлесі бар кәсіпорындарға жүктелген тапсырманы орындау үшін бәсекелестіктің тиімді әрекетінің негіздері мен тетіктерін білетін мамандар қажет. Қазақстанда бәсекелестік құқық бойынша мамандарды арнайы дайындау үшін алғаш рет КазГЮУ базасында магистранттарды оқыту жаңа "Бәсекелестік құқық" бағдарламасы құрылды. Оқытуды бастау 2022 жылдың қаңтар айынан бастап жоспарланған, осы мамандық бойынша оқуға құжаттар қабылдау қашан басталатыны туралы қосымша хабарланатын болады.

Бәсекелестік құқық бойынша магистратура студенттері үшін Қазақстанның бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин бастаған халықаралық авторлық ұжым "Бәсекелестік құқық және саясат"оқу құралын әзірледі. Оқу құралы 9 тараудан тұрады, онда монополияға қарсы тәжірибеден алынған түрлі кейстер жинақталған.  Оқулық авторларының қатарында – Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығының президенті Алдаш Айтжанов, "Саят Жолшы және Серіктестері" адвокаттық кеңсесінің серіктесі және адвокаты Әмір Бегдесенов, "Саят Жолшы және Серіктестері" адвокаттық кеңсесінің басқарушы серіктесі, Қазақстанның Жоғары Сот Кеңесінің Біліктілік комиссиясының төрағасы Айдын Бикебаев, ЕЭК Мемлекеттік сатып алу саласындағы бәсекелестік саясат және саясат департаментінің директоры Әлия Жұмабаева, Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы басқарушы кеңесінің төрайымы Жаннат Ертілесова, БРИКС халықаралық бәсекелестік құқық және саясат орталығының директоры Алексей Иванов, - РАНХиГС филиалы - Сібір басқару институты бәсекелестік саясаты және экономика орталығының ғылыми зертханасының жетекшісі Ирина Князева, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Самбетов бар.  

 Оқу құралы осы салаға қатысты стратегиялық шешімдер қабылдау кезінде қазіргі заманғы тәсілді қалыптастыруда кәсіпорын басшыларына, риск-менеджерлерге, монополияға қарсы заңгерлерге, монополияға қарсы орган қызметкерлеріне, экономистер мен заңгерлерге, студенттер мен оқытушыларға нұсқаулық ретінде қызмет ете алады.