
Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы орган қантты әртүрлі тұтынушыларға сату кезінде мәні бірдей келісімдерге әртүрлі бағаларды белгілегені үшін «Тараз қант зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы бойынша тергеп-тексеруді бастады.
2021 жылдың наурыз айында Департамент «Тараз қант зауыты» ЖШС-не осындай бұзушылықтар үшін хабарлама шығарды, кәсіпорын хабарламаны орындады. Алайда, талдау барысында субъект қантты сату кезінде әртүрлі бағаларды қолдануды жалғастырғаны анықталды.
Тергеп-тексеру тағайындауға зауыттың монополияға қарсы орган хабарлама шығарған күннен кейін бір жыл ішінде бұзушылықтарға қайталап жол бергені негіз болды.
Сурет ашық көздерден алынды