
2021 жылы 15 қазанда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Open Space форматында Атамекен өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен және Талдықорған қаласының мектепке дейінгі мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар мектепке дейінгі білім беру саласындағы проблемаларды талқылады. Сондай-ақ, монополияға қарсы департамент мектепке дейінгі мекемелер нарығындағы білім беру қызметтері нарығына талдау жүргізуге дайындық шеңберінде балабақшалар өкілдерінен қажетті ақпарат алды. Айта кету керек, мектепке дейінгі мекемелер нарығына алдағы талдау бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің инфляцияға қарсы ден қою шаралары бойынша Жол картасын орындау шеңберінде жүргізілуде.
Сурет ашық көздерден алынды