АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНЫ ӘКК, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ НҰСҚАМАЛАР ШЫҒАРДЫ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНЫ ӘКК, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ НҰСҚАМАЛАР ШЫҒАРДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация қызметіне жүргізілген талдау қорытындысы, сондай-ақ Кедергілер жөніндегі кеңес отырысында айтылған мәліметтер бойынша Атырау облысы бойынша қаржы басқармасы мен ауыл шаруашылығы басқармасына қатысты бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттер жасау туралы нұсқамалар, сондай-ақ "Атырау ӘКК"АҚ-на  қатысты ҚР Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын бұзуды тоқтату туралы нұсқама жолдады.

 

Департаментпен жүргізілген жұмыстар шеңберінде "Атырау ӘКК" АҚ-ның жүз пайыз мемлекетке тиесілі коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаның жүзеге асыратын қызмет түрлеріне сәйкес келмейтін қызмет түрлерімен айналысқаны анықталды.  Онымен бірге, талдау жүргізу барысында мемлекеттік органдар тарапынан  кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге арналған бағдарламаларды жүзеге асыру барысында кәсіпкерлерге несие және сауда үшін жер телімдерін бөлу кезіндегі ашықтық сияқты бәсекелестік принциптерінің сақталмайтыны  анықталды.

Осыған байланысты, Департаментпен:

- «Атырау ӘКК» АҚ-на қатысты жарғылық құжаттардан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына  сәйкес келмейтін қызмет түрлерін алып тастау арқылы 30 күнтізбелік күн ішінде қызмет түрлерін  жоғарыда көрсетілген қаулыға сәйкес келтіру бойынша шаралар қабылдау туралы;

- Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасына қатысты "Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру" бағдарламасын іске асыру кезінде қарыз беруде жекелеген субъектілерге басымдылық берілмеуді, кәсіпкерлік субъектісін таңдаудың ашықтығын,  бәсекелестікті шектеуге жол бермеуді қамтамасыз ету мақсатында;

Атырау облысының қаржы басқармасына қатысты бәсекелестікті қамтамасыз ету мақсатында "Көше саудасына арналған 100 сауда орны" бағдарламасы бойынша комиссиялық іріктеу арқылы көше саудасы объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін беруді алып тастау туралы нұсқамалар енгізілді.

 

Сурет ашық көздерден алынды

  •