«BSP GROUP LTD» ЖШС ГАЗ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӘРЕКЕТІНДЕ ЖӨН-ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«BSP GROUP LTD» ЖШС ГАЗ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӘРЕКЕТІНДЕ ЖӨН-ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне Көксу ауданы Балпық би ауылының абоненттеріне газ қосуда «ST GAS» ЖШС жүргізген құрылыс –монтаж жұмыстарынан кейін «BSP GROUP LTD» ЖШС-нің газды қосудан бас тартудағы заңсыз әрекеттеріне қатысты «ST GAS» ЖШС-нің өтініші келіп түсті.  

«BSP GROUP LTD» ЖШС Көксу ауданы, Балпық би ауылында тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау қызметтерін көрсетеді. Өтініш беруші ұсынған бейнематериалдарды зерделеу кезінде, «BSP GROUP LTD» ЖШС қызметкерінің абонентке егер, абонент «ST GAS» ЖШС-не газды қосу үшін жүгінген жағдайда оған газ қосылмайтындығын жеткізгендігі анықталды.

Бұл жағдай «BSP GROUP LTD» ЖШС әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 177-бабында қарастырылатын жөн-жосықсыз бәсекелестік белгілерінің барын, атап айтқанда бәсекелеске бойкот жариялауға шақыру әкереттеріне жол бергенін көрсетеді.  

«BSP GROUP LTD» ЖШС-нің атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуды тоқтату туралы хабарлама шығарылды.

 

Сурет ашық көздерден алынды