
2021 жылы 8 қазанда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс-Қазақстан облысы бойынша департаменті мен «Конденсат – ЖҚС» ЖШС монополияға қарсы комплаенсқа қол қойды.
Қол қойылған құжат "Конденсат-ЖҚС" ЖШС-нің құрылымы мен ерекшеліктерін ескере отырып мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізу нарығындағы адал бәсекелестік саясаты мен ережелерін айқындайды.
Монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісінің болуы нарық субъектісі үшін қандай да бір материалдық және өзге де артықшылықтар бермейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын сақтау міндетінен және жауапкершіліктен босатпайды, алайда оны бұзу тәуекелдерін барынша азайтады.
Сурет ашық көздерден алынған