
Түркістан облысы бойынша монополияға қарсы департамент өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатудың делдалдық схемаларын анықтау бойынша жұмыстар жүргізді. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша тауық жұмыртқасын өндіру және сатумен айналысатын «Яссы құс» шаруа қожалығы және «Бес қара» ЖШС-не іс-әрекеттерінде сату бағасын келісіп белгілеу және ұстап тұруға қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерінің бары туралы хабарламалар шығарылды. Бұл әрекеттері бәсекелестікті шектеуге алып келді.
Қазіргі уақытта «Яссы құс» шаруа қожалығы С-1 санатындағы жұмыртқаның сату бағасын 10%-ға, яғни 30 теңгеден/1 дана 27 теңгеге / 1 дана дейін төмендетіп, Департаменттің хабарламасын орындады.
Сондай-ақ, «Бес қара» ЖШС нарық субъектісіне қатысты шығарылған хабарлама орындалу сатысында.
Сурет ашық көздерден алынды