
Өткен аптада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары басшыларының және Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесінің (Министрдің) "5+1" форматындағы кездесуі өтті. Офлайн форматтағы кездесудің жұмысына бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (Министр) Арман Шакқалиев, РФ ФМҚҚ (ФАС) басшысының орынбасары Андрей Цыганов, Еуразиялық патентті ведомствосының президенті Сәуле Тлевлесова, "Монополияға қарсы сарапшылар альянсы" ҚБ Кеңесінің Төрағасы Алдаш Айтжанов, онлайн режимінде – Армения Республикасының бәсекелестікті қорғау жөніндегі комиссиясының мүшесі Шушан Саргсян, Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрінің бірінші орынбасары Иван Вежновец, Өзбекстан Республикасының Монополияға қарсы комитеті төрағасының орынбасары Шахрух Шарахметов, Куба Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Одалис Сейхо Гарсия ханым және басқалар қатысты.
Отырыста бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, биылғы жыл қазақстандық монополияға қарсы қызметкерлер үшін айтулы жыл болғанын атап өтті: 7 маусымда Қазақстанның кәсіби мерекелерінің күнтізбесінде монополияға қарсы орган қызметкерлерінің күні пайда болды, ал 8 қыркүйекте Агенттік ел Президентіне тікелей есеп беретін дербес ведомство ретінде құрылғанына 1 жыл толғанын атап өтті. Өз сөзінде ол осы күндері Алматыда өткен VII Еуразиялық монополияға қарсы нысан сарапшыларының, оның ішінде ЭЫДҰ, ЮНКТАД, ЕЭК, ЕАЭО, МСМ және басқа да халықаралық ұйымдардың бәсекелестік жөніндегі бағыттарының басшыларының жоғары деңгейін атап өтті.
- Біз ынтымақтастық шекарасын кеңейтудеміз, бірақ монополияға қарсы саясат бойынша мемлекетаралық кеңестің "5+1" форматы біздің қарым-қатынасымызда ерекше орын алады. Бәрімізді ортақ тарих, ортақ міндеттер біріктіреді, біз – монопоияға қарсы күрес жүргізетін үлкен отбасымыз, жылдар бойы қалыптасқан байланыстарды үзу қиын. Біз барлығымыз қоғам игілігі үшін, кәсіпкерлікті дамыту, өмір сапасын арттыру және қоғамымыздың өркендеуі үшін жұмыс істейміз, – деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Отырыс жұмысы шеңберінде қатысушылар Еуразиялық патенттік жүйенің құқық иеленушілері мен нарықтың басқа да қатысушылары мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету, параллель импорт пен монополияға қарсы реттеу әдістері, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сарқылудың өңірлік қағидатын қолдану кезінде бәсекелестікті қамтамасыз ету, зияткерлік меншік саласындағы қатынастарға бәсекелестік заңнаманы қолдану мәселелері және т.б. мәселелерін талқылады.