ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ БРИКС+ ФОРМАТЫНДА БІРЛЕСКЕН АЛАҢ ҚҰРДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ БРИКС+ ФОРМАТЫНДА БІРЛЕСКЕН АЛАҢ ҚҰРДЫ

2021 жылы 7 қазанда Алматы қаласында VII Еуразиялық монополияға қарсы форумды аясында РФ "Жоғары экономика мектебі" ұлттық зерттеу университеті жанындағы БРИКС бәсекелестік құқық және саясат халықаралық орталығы (ЭЖМ ҒЗУ) мен ҚР Бәсекелестік құқық, инновациялар және саясат халықаралық орталығын стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылды. Тараптар келісімге қол қою арқылы Ресей мен Қазақстанның сараптама орталықтары Еуразиялық экономикалық кеңістіктегі бәсекелестікті дамыту және қорғау  мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін сараптамалық-талдау алаңын қалыптастырып, оны жоғары технологиялық нарықтарда, сондай-ақ ерекше маңызы бар өзге де нарықтарда монополияға қарсы реттеу саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге уағдаласты. Бұдан бөлек, екі елдің зерттеушілері бірігу және қосу бойынша мәмілелердің салдарларына бірлескен талдау жүргізіп, экономикалық шоғырлануды бақылау шеңберінде осы шешімдер бойынша бәсекелес ведомстволарға кеңес беретін болады. Сондай-ақ, бірлескен жұмыстың маңызды бағыттарының бірі – бәсекелестікті қорғау саласындағы реттеуді жетілдіруге бағытталған заң жобаларын әзірлеуге қатысу.

Естеріңізге сала кетейік, ынтымақтастық туралы шешім осы жылдың маусым айында Мәскеуде Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің, Ресей ФМҚҚ (ФАС) басшысы Максим Шаскольскийдің және БРИКС бәсекелестік құқық және саясат халықаралық орталығының директоры Алексей Ивановтың үшжақты кездесуінде қабылданған болатын.

"Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі БРИКС-ке қатысушы елдердің периметрінде ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Ресей БРИКС орталығы мен Қазақстанның бәсекелестік құқық, инновациялар және саясат халықаралық орталығы арасындағы келісімге қол қою БРИКС орталығының платформасында құрылған сарапшылық қоғамдастықпен бәсекелестік заңнаманы және цифрлық экономика жағдайындағы саясатты дамыту бөлігінде біздің жұмысымызды күшейту және қарқыны дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады", - деп атап өтті келісімге қол қою рәсімінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин.

"Біз БРИКС желісі бойынша монополияға қарсы ынтымақтастықты едәуір кеңейту және өзге елдерден серіктестерді қосу арқылы оған көп мағына беру, сондай-ақ бәсекеге қабілетті ведомстволар мен академиялық қоғамдастықтарды неғұрлым тығыз ықпалдастыру мүмкіндігін көріп отырмыз. Қазақстанмен ЕАЭО-ның негізгі қатысушыларының бірі ретінде бірыңғай еуразиялық кеңістікте бәсекелестікті қорғау бойынша конструктивті жұмыс қалыптасып келеді. ЕАЭО мен БРИКС - тің ұштасуын қамтамасыз ететін "БРИКС +" форматы ұқсас мүдделері бар мемлекеттердің позицияларын нығайтуға және үйлестірілген түрде ортақ күш-жігермен дамудың күн тәртібін ілгерілетуге және монополияға қарсы реттеу құралдарымен әлемдік экономиканың теңгерімсіздіктерін еңсеруге мүмкіндік береді", – деп мәлімдеді БРИКС бәсекелестік құқық және саясат халықаралық орталығының директоры Алексей Иванов.

"Бүгінгі келісімге қол қою интеграциялық процестерді дамытудағы тағы бір тиімді қадам болатынына, ғылымды дамытуға және монополияға қарсы құқық мәселелері бойынша саясатты үйлестіруге ықпал ететініне сенімдімін", – деді ҚР Бәсекелестік құқық, инновациялар және саясат халықаралық орталығының басшысы Қамбар Омаров.

 

 

Анықтама

БРИКС - Бразилия Федеративтік Республикасының, Ресей Федерациясының, Үндістан Республикасының, Қытай Халық Республикасының және (2010 жылғы желтоқсаннан бастап) Оңтүстік Африка Республикасының мемлекетаралық бірлестігі. БРИКС халықаралық бәсекелестік құқық және саясат орталығы 2019 жылы ЭЖМ ҒЗУ құрамында дербес бөлімше ретінде құрылды. ҚР Бәсекелестік құқық, инновациялар және саясат халықаралық орталығы 2021 жылы Қазақстан мен Ресейдің монополияға қарсы құқық мәселелері бойынша ғылыми және сараптамалық жұмысты жандандыру мақсатында құрылды.