
Ақтөбе облысында кебек өндірушілерінің қызметіне жүргізілген талдау барысында аймақтық монополияға қарсы департамент кебек бағаларын қалыптастыру кезінде кәсіпкерлер тамыз айында бағаларды бір деңгейде белгілейтінін анықтады. Ал бұл өнім бағасын өсіруге дәлелді себептері жоқ: шикізат бағасы шамалы өзгерді, ал өз кезегінде кебектің сатылым бағасы 2 есеге өсті. Нәтижесінде, кебек өндірушілердің арасында бәсекелестік жойылды, өйткені сатып алушыда тиімді бағамен кебек сатып алу үшін таңдау жоқ, баға әділ бәсекелестік үшін күрес нәтижесінде қалыптастырылуы тиіс еді.
Талдау қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының екі кебек өндірушілерінің іс-әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылу белгілері байқалды.
Монополияға қарсы орган өндірушілердің атына негізделген бағаны төмендету және белгілеу арқылы бұзушылық белгілерін жою туралы хабарлама шығарды. Хабарлама орындалмаған жағдайда монополияға қарсы тергеу тағайындалады.
Сурет ашық көздерден алынды