БҚДА БАСШЫСЫ МЕН ТӘЖІКСТАННЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

БҚДА БАСШЫСЫ МЕН ТӘЖІКСТАННЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы монополияға қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Сафарали Курбонзодамен кездесті. Бұл екі елдің монополияға қарсы ведомстволары өкілдерінің алғашқы кездесуі, тараптар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, ЖЖМ бағасының өсуі, бәсекелестікті дамыту және ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Сафарали Курбонзода атап өткендей, Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы сауда қарым-қатынасы өте жоғары деңгейде, 2020 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 910 млн долларды құраған. "Біз бұл қарым-қатынасты бағалаймыз", – деп атап өтті Сафарали Курбонзода.

Серік Жұманғарин атап өткендей, Қазақстанның бәсекелестік заңнамасы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру барысында бірнеше жылдар бойы өзгертілді, 2016 жылы Қазақстан экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Бәсекелестік жөніндегі комитетінің мүшесі болды. Ал бүгінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бәсекелестікті одан әрі дамыту үшін заңнаманы түзетудің бесінші монополияға қарсы пакеті бойынша жұмыс істеуде.

"Біз басқа елдердің монополияға қарсы ведомстволарымен ынтымақтастық аясында үнемі тәжірибемен, кейстермен алмасып отырамыз. Тәжікстанның монополияға қарсы ведомствосын БҚДА - мен ынтымақтастық орнатуға және тәжірибе алмасуға шақырамыз", - деді Серік Жұманғарин кездесу соңында.