
Әлеуметтік маңызы бар азық–түлік тауарлары бойынша азық-түлік ритейлінің нарығына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша елордалық монополияға қарсы Департаменті «Людмила-KZ» ЖШС филиалының «Аян» сауда желісінің әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтады.
ӘМАТ бөлшек саудада өткізушілердің жеткізушілерімен жасалған шарттарын зерделеу кезінде, Департамент серіктестіктің тауарларды жеткізу туралы шарттарды бәсекелестерден өзін басым қоятын талаптармен жасағандығын анықтады.
Атап айтқанда, егер жеткізуші тарапынан шарт талаптары айтарлықтай бұзылса және тауарларды басқа нарық субъектілеріне неғұрлым тиімді бағамен жеткізсе, сатып алушы 5 күн бұрын жеткізушіні хабардар ете отырып шартты біржақты бұзуға құқығы бар екендігі көрсетілген.
Айта кету керек, мұндай шарттар бірқатар ӘМАТ жеткізушілерімен жасалған.
Бұл жағдай, «Людмила – KZ» ЖШС Астана қаласындағы филиалының әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 177-бабымен қаралатын жөн-жосықсыз бәсекелестік белгісінің барын көрсетеді.
Серіктестік атына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін жою бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарлама шығарылды. Бүгінгі күні хабарлама орындалды.
Сурет ашық көздерден алынды