
Коммуналдық-тұрмыстық көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында, сондай-ақ осы тауар нарығының әлеуметтік маңыздылығына байланысты Агенттіктің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті коммуналдық-тұрмыстық көмірді сатумен айналысатын 5 компаниямен: "Тамыз" ЖШС филиалы, "ТЭК Альянс-Жолы " ЖШС, "Көміртауkz" ЖШС, "Жалын" ЖК, "Ескендирова Айгүл Іслямғалиқызы" ЖК-мен монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актілерін жасады.
Монополияға қарсы комплаенске қол қоя отырып, компаниялар коммуналдық-тұрмыстық көмірді сату нарығында адал бәсекелестікке және Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдауға ұмтылысын растайды.
Сурет ашық көздерден алынды