БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯЛАРЫМЕН МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНСҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯЛАРЫМЕН МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНСҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

СҚО бойынша монополияға қарсы департамент Open Space форматында құрылыс компанияларының өкілдерімен және құрылыс материалдарын көтерме сатушылармен кездесу өткізді.

       Кездесуде облыс кәсіпкерлері өндірушілерден құрылыс материалдарын сатып алу бағасының айтарлықтай өсуіне назар аударды. Облыста тұрғын үйдің 1 ш.м. құнының өсуі осы факторға тікелей байланысты.

      Құрылыс материалдарының бәсекелі нарығына жүктемені төмендету мақсатында Департамент монополияға қарсы комплаенс актісін жасауды ұсынды, оның шеңберінде кәсіпкерлер нарықтық экономика және адал бәсекелестік, сауда-өткізу саясаты қағидаттарын ұстануға, өз саясаты туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге, барлық сатып алушылар үшін тауарды сатып алуға қол жеткізудің тең жағдайларын, барлық сатып алушылар үшін бірыңғай және ашық баға белгілеу тәртібін қамтамасыз етуге, тауарды өткізуді экономикалық немесе технологиялық негізсіз шектеуге жол бермеуге міндеттенеді.

       Кездесу қорытындысы бойынша өңірдің монополияға қарсы департаментімен монополияға қарсы комплаенс актілеріне "Альфа Север" ЖШС, "ВайкГрупп" ЖШС, "Ash Stroy" ЖШС және "Электростиль"ЖШС қол қойды. Осылайша, жағдайы тиісті тауар нарығын бақылауға мүмкіндік беретін, оның ішінде оған тауар айналымының жалпы жағдайларына айтарлықтай әсер етуге мүмкіндік беретін бұл компаниялар нарықтағы монополиялық жағдайды теріс пайдалануға жол бермеу ниетін растады.

 

Сурет ашық көздерден алынды