
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Open Space» форматында құрылыс, мұнай битумдарын өткізу нарығындағы субъектілермен құрылыс және мұнай битумдарының бағасын негізсіз өсуіне жол бермеу мәселесін талқылады.
Субъектілердің негізгі проблемасы - көлік тасымалдарының шығыны жоғары болуындажәне оларды алыс қашықтықтарға тасымалдау тиімсіз, Сонымен қатар құрылыстық мұнай битумдарына сұраныс маусымға байланысты.
Сондай-ақ, кәсіпкерлердің пікірінше, құрылыс мұнай битумын кәсіпорындар асфальт жолдарын, жол мастикаларын және басқа материалдарды салу кезінде өз қажеттіліктері үшін пайдаланады.
Қатысушылар құрылыс мұнай битумдарын өткізу нарығындағы ағымдағы жағдаймен танысып және оларға ҚР монополияға қарсы заңнама нормалары түсіндірілді.
Алматы облысы бойынша монополияға қарсы орган бизнес-қоғамдастықтың барлық өкілдерін, сарапшылар мен тұтынушыларды Open Space-ке белсенді қатысуға шақырады.
Талқыланатын тақырыптар мен жоспарланған іс-шаралар Instagram-да-dazrk_po_alm_obl, ал Facebook-те ДАЗРК Талдыкорган парақшасында жарияланатын болады.
Ұсыныстар электрондық пошта мекенжайы бойынша да қабылданады dazrk_al@azrk.gov.kz және тел: 8(7282)-24-63-61
Сурет ашық көздерден алынды