ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА OPEN SPACE-ТЕ ҚҰРАМА ЖЕМ БАҒАСЫН БЕЛГІЛЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА OPEN SPACE-ТЕ ҚҰРАМА ЖЕМ БАҒАСЫН БЕЛГІЛЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Құрама жемді өндіру және сату нарығында жүргізілген талдау аясында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті 17 қыркүйекте "Open Space" форматында онлайн режимде кәсіпкерлер және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді.

Кездесу кезінде «GOOD LOOK сауда үйі» ЖШС мен «Қордай-корм» ӘКК өкілдері құрама жем құнының өсу себептерін айтты, олардың айтуынша,  астық, майлы дақылдар және басқа дақылдар үшін негізгі шикізатты сатып алу бағасының, сондай-ақ примекс бағасының өсуі себеп болып отыр.

Кәсіпкерлер құрама жем өндірушілер үшін электр энергиясының бағасын төмендету, мемлекеттің субсидия бөлуі жөнінде (жеке қаражаттың жеткіліксіздігіне байланысты), сондай-ақ тауарларды экспортқа сату кезінде ҚҚС сомасын қайтаруға қатысты салық заңнамасына өзгерістер енгізу туралы мәселелерді қозғады.

Өз кезегінде, Монополияға қарсы департамент тарапынан кәсіпкерлерге  Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы нормаларын сақтау бойынша кеңестер берілді, құрама жемге бағаны негізсіз өсірген жағдайда  монополияға қарсы ден қою шаралары қолданылатыны туралы хабардар етілді.

 

Сурет ашық көздерден алынды