БӘСЕКЕЛЕСТІК ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ СТАНДАРТТАРЫН АРТТЫРАДЫ

БӘСЕКЕЛЕСТІК ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ СТАНДАРТТАРЫН АРТТЫРАДЫ

Өткен аптада ҚР БҚДА төрағасының орынбасары Марат Омаров екі халықаралық іс-шараға қатысты: Армения Республикасының бәсекелестікті қорғау жөніндегі комиссиясының құрылғанына 20 жыл толуына орай және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары басшыларының және Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесінің (Министрдің) "5+1"форматындағы кеңесіне қатысты.

ҚР БҚДА басшылығы мен бүкіл ұжымының атынан Марат Омаров Армениядағы әріптестерін айтулы күнмен шын жүректен құттықтап, екі ведомствоның ЕАЭО аясындағы тығыз ынтымақтастығын атап өтті.

Қатысушылар мен сарапшылардың ЭЫДҰ, ЮНКТАД және басқа да халықаралық ұйымдардың периметріндегі белсенді өзара іс-қимылын Марат Талғатұлы "5+1"форматындағы кездесуде де атап өтті.

- Монополияға қарсы органдар еркін бәсекелестікті қолдауды қамтамасыз етуге арналған кез келген мемлекеттің нарықтық экономикасының өзегі болып табылады. Мемлекет үшін бәсекелестіктің басты мәнін көптеген беделді халықаралық ұйымдар атап өтеді. ЭЫДҰ да, Дүниежүзілік экономикалық форум да, АҚШ-тың стратегиялық зерттеу институты да тек бәсекелестік халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін, инновацияларды енгізуге ынталандырады, өнімділікті арттырады және инвестициялар тартады дейді. Жергілікті деңгейдегі салауатты бәсекелестік мәселесі халықаралық деңгейдегі бәсекелестікке тікелей әсер етеді, – деп мәлімдеді спикер.

Марат Омаров өз сөзінде қатысушыларды Қазақстанның тәжірибесі туралы хабардар етті, онда ел Президенті мемлекеттің жаңа экономикалық бағыты негізделуге тиіс жеті негізгі қағидаттың бірі ретінде адал бәсекелестікті атады. Соңғы 12 айдағы негізгі жаңалық Қазақстан Республикасының Бәсекелестік саясатын "қайта іске қосу" және оның архитектурасын институционалдық күшейту болды.

Сөз соңында Марат Омаров БҚДА бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы ортақ міндеттерді тиімді шешу үшін бірлескен алаңдардағы диалог үшін әрқашан ашық екенін тағы да атап өтті.