
2021 жылдың 11 қыркүйегінен бастап жеке медициналық зертханалар мемлекеттік сектормен тең дәрежеде пренаталдық скрининг жүргізуге құқылы.
Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен скринингті ұйымдастыру Қағидаларының бұрын қолданыста болған нормасына сәйкес (15-т.) пренаталдық скрининг аясында емханалар зертханалық зерттеулер жүргізу үшін пациенттерді тек мемлекеттік босандыру мекемелеріне жіберді, ал жекеменшік медициналық зертханалар мұндай қызметтерді көрсету спектрінен шығып қалды. Жекеменшік зертхана мемлекеттік ұйыммен келісім жасасқан жағдайда ғана қызмет көрсете алады.
Бұл шектеуді "Қазақстандық медициналық зертханалар Қауымдастығы" ЗТБ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы кедергілер жөніндегі кеңесте көтерді.
Отырыс қорытындысы бойынша бұл шектеу осы нарықтағы бәсекелестікті дамытуды тежейтін тосқауыл деп танылып, әрі қарай бұл шектеу бойынша жұмыс атқарылды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен белсенді жұмысының нәтижесінде бұл норма скринингті ұйымдастыру ережесінен алынып тасталды.
Анықтама:
Бәсекелестікті дамытудағы кедергілер - бұл бизнестің тауар нарықтарына еркін кіруіне кедергі келтіретін әкімшілік шектеулер. Кедергілерді анықтау үшін ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және оның 17 аумақтық бөлімшесі жанынан салаға тән шектеулерді белгілейтін және оларды жою жөнінде ұсыныстар қалыптастыратын Кедергілер жөніндегі кеңестер құрылды, бұл кеңес құрамына қауымдастықтардың, бизнестің, жұртшылық пен сарапшылардың өкілдерінен тұрады. Анықталған тосқауылдар, оларды орындау мерзімі, жауапты тұлғалар, жою жөніндегі іс-шаралар Кедергілер картасына енгізіледі. Кедергілерді жою процесінде жобалық тәсіл қолданылады, бақылау және мониторинг EasyProject АЖ платформасында жүргізіледі. Бәсекелестікті дамыту кедергілерін жою ҚР негізгі тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамыту жөніндегі Жол картасымен және "Nur Otan" партиясының "өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» бағдарламасына енгізілген.
Сурет ашық көздерден алынды