АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЦЕМЕНТ ЖЕТКІЗУШІЛЕРДІҢ БАҒАНЫ КЕЛІСІП БЕЛГІЛЕГЕНІ АНЫҚТАЛДЫ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЦЕМЕНТ ЖЕТКІЗУШІЛЕРДІҢ БАҒАНЫ КЕЛІСІП БЕЛГІЛЕГЕНІ АНЫҚТАЛДЫ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті 2020 жыл мен 2021 жылдың 1 жартыжылдығы қорытындысы бойынша цемент сату нарығына талдау жүргізді.

            Жүргізілген талдау нәтижесінде «АЛҒА» ЖШС мен «Импорт -ТЕК» ЖШС-нің іс-әрекеттерінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабын бұзу белгілері – цемент сатумен айналысатын нарық субъектілерінің келісілген әрекеттері анықталды.

            Екі кәсіпорынға да тауардың құнын төмендету арқылы монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін жою туралы хабарлама жіберілді.

            Хабарламаны орындау мен оның орындалуы туралы ақпарат ұсыну мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды.

 

Сурет ашық көздерден алынды