
Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департамент Кедергілер жөніндегі кеңестің отырысында табиғи монополиялар субъектілерінің «әлеуметтік мазуты» сатып алу мәселелерін қарады.
Кедергілер жөніндегі кеңес мүшесі Евгений Савин, Энергетика министрлігі жыл сайын бекітетін облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларды бекіту кестесіне сәйкес, табиғи монополия субъектілері үшін мұнай мен мұнай өнімдерінің негізгі ресурс ұстаушылары қатарынан «әлеуметтік мазут», яғни күзгі-қысқы кезеңдерде әлеуметтік-өндірістік объектілер мен мекемелерді жылытуға арналған өнім беруші айқындалатынын атап өтті. Сондай-ақ, «әлеуметтік мазуттың» көлемі мен құны анықталады.
«Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына сәйкес табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын мазут стратегиялық тауарларға жатады.
Ұлттық экономика министрлігі бекіткен табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары осы субъектілерден сатып алуды конкурс тәсілімен және тендер өткізуді жүзеге асыруды талап етеді.
Табиғи монополиялар саласының заңнамасында табиғи монополия субъектісі әлеуметтік мазутты тікелей бір көзден алу тәсілімен сатып ала алатын норма жоқ, сондықтан спикердің айтуынша, табиғи монополия субъектісі сатып алуды алдымен конкурс арқылы, ал кейіннен олар жарамсыз деп танылған жағдайда, бір көзден алу тәсілімен жүргізуге міндетті. Спикердің пікірінше, мемлекет жылу беру маусымы кезеңінде жылу энергиясын өндіру саласындағы табиғи монополия субъектілері үшін мазуттың нақты жеткізушісін, оның көлемі мен құнын белгілейтінін назарға ала отырып, қағидаларда көзделген конкурстық рәсімдерді айналып өтіп, бір көзден алу тәсілімен «әлеуметтік мазут» сатып алуды жүргізген орынды. Бір көзден сатып алудың мүмкін еместігі, спикердің айтуынша, табиғи монополия субъектілері үшін көзделген конкурстық рәсімдерді айналып өтіп, «әлеуметтік мазут» сатып алуды тікелей жүзеге асыруға кедергі болып табылады.
Белсенді талқылау мен дауыс беру нәтижелері бойынша Кедергілер жөніндегі кеңес БҚДА мен Кедергілер жөніндегі кеңестің бәсекелестікті қорғау және дамыту, сондай-ақ бәсекелестікті шектеуге алып келетін бір көзден мемлекеттік сатып алулардың үлесін азайту мүдделерін ескере отырып бұл ұсынысты қабылдамады.
Сурет ашық көздерден алынған