
БҚДА Түркістан облысы бойынша департаменті «Сайрам-Сүт» ЖШС (пастерленген сүт, жұмсақ қаптамада), «INSAF LTD» ЖШС және «ҒАЖАЙЫП-П» ЖШС (бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны), «Дастанов Алпысбай» ЖК («Береке» супермаркеті), «Байымбетова Г.Б.» ЖК («Дастархан» сауда орталығы), ЖК «Гаппаров И.Ж.» («Қаратау» дүкені) нарық субъектілерімен монополияға қарсы сыртқы комплаенс актісіне қол қойды. Сонымен қатар, көпқабатты үйлерді салушы «Ныш-Ер» ЖШС-мен монополияға қарсы комплаенске қол қойылды.
Монополияға қарсы комплаенс - кәсіпкерлік субъектілеріне өз қызметін ерікті түрде монополияға қарсы заңдарға сәйкестендіруге және жосықсыз бәсекелестікті болдырмауға мүмкіндік беретін «жеңілдетілген құқық» құралы болып табылады.
Монополияға қарсы комплаенсқа қол қойылған кезде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік және құрылыс нарықтарының кәсіпкерлері өз кезегінде нарықтық экономика мен әділ бәсекелестік қағидаттарын сақтауға, зиян келтіретін әрекеттерді болдырмау үшін тиімді алдын алу шараларын қабылдауға, олар үшін ашық және кемсітпейтін жағдайлар жасауға, тауарларды сату, оның ішінде барлық нарық қатысушыларына әділ және әр түрлі жағдай жасауға міндеттелді.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті облыстың басқа да нарық субъектілерін компаенсқа қол қоюға шақырады.