
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті 9 қыркүйек күні «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ТӨФ тарапынан газ тұтынушыларына қосымша төлемдер есептеу» тақырыбы аясында кезекті «Open Space» жиналысын өткізді.
Аталған жиналысқа «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ТӨФ, «Бірлік газ» қауымдастығы және нарық субъектілерінің өкілдері қатысты.
Жиын барысында, «Бірлік газ» қауымдастығының төрағасы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ТӨФ тарапынан қосымша есептеулер дұрыс жүргізілмей жатқандығын атап өтті. Бүгінде қосымша төлемдердің көп бөлігі тауарлық газды тұтынушылар алдындағы міндеттемелерін орындамайтын мердігерлерге тиесілі болып отыр.
Осы жағдайларды ескере отырып, «ТӨФ» АҚ «ҚазТрансГаз Аймақ» өкілі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бекіткен 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығымен бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларының тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сату мен пайдалану ережелеріне сәйкес тауарлық және сұйытылған мұнай газын пайдалану кезінде монтаждауды алып тастау арқылы белгілі бір тармақтарға өзгерту енгізу қажеттілігін атап өтті.
Сонымен қатар, нарық субъектілері тарапынан өздеріне жүктелген міндеттерін толық көлемде орындау қажеттілігі және тауарлық газды тұтынушыларға қосымша төлемдердің дұрыс есептелуі туралы мәселелер түсіндірілді.
Өткізілген кеңестің қорытындысында мердігерлерге келісімшарттық қатынастарды орындау қажеттілігі туралы ұсыныс берілді, монополияға қарсы бұзушылықтар туындаған жағдайда Департамент қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес шараларын қабылдайтыны айтылды.