СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА БИРЖАДАН САТЫП АЛЫНҒАН КОММУНАЛДЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ КӨМІР ХАЛЫҚҚА САТЫЛА БАСТАДЫ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА БИРЖАДАН САТЫП АЛЫНҒАН КОММУНАЛДЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ КӨМІР ХАЛЫҚҚА САТЫЛА БАСТАДЫ

СҚО-да 6 аккредиттелген өңірлік көмір операторы биржалық сауда-саттықта "Қаражыра" АҚ-дан 59, 244 мың тонна көмір сатып алды. Облысқа көмір жеткізу партиялармен жүзеге асырылады.

 Осы жылдың шілде, тамыз айларында "Қызылту-Көмір" ЖШС 4,9 мың тонна көлемінде көмір алды және тоннасы 13 500 теңгеге сатылуда. Көмір тұйығы СҚО Уалихан ауданы Қзылту станциясы Кішкенекөл селосында орналасқан.

10 қыркүйекте Петропавл қаласындағы "Пром Инвест Көмір" ЖШС тұйығына  280 тонна  Д "Қаражыра" маркалы көмір жеткізілді.

Көмірді осы жылдың желтоқсанына дейін жеткізуді "Пром Инвест Көмір" ЖШС, "Тамыз" ЖШС, "SOLTYSTIK ENERGY" ЖК, "Қостанай Көмір компаниясы" ЖШС, "Север Энерго Уголь Снаб" ЖШС жүзеге асыратын болады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы департамент қызметкерлері "Пром Инвест Көмір" ЖШС-нің көмірді сақтау, тиеу және халыққа сату алаңына барды, онда 2020 жылдан бері бір тонна көмірдің сатылым бағасы бұрынғы деңгейде қалып отырғаны, яғни 14500 теңгені құрайтыны белгілі болды. Бағаның өсуі күтілмейді.

Халықты коммуналдық тұрмыстық қажеттіліктер үшін көмірмен қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігін ескере отырып, монополияға қарсы орган нарық субъектілерін объективті мән-жайларды және оның құнының алып сатарлық өсуіне жол бермеуді ескере отырып, негізделген баға және сауда саясатын жүргізуге шақырды.