
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті өңірдегі кебек сату нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізе бастады. Талдау жүргізуге Ақтөбе облысында кебек бағасының күрт өсуі негіз болды, бұл мал өсірушілер тарапынан көптеген сұрақтар туғызды. Облыс фермерлерінің ақпараты бойынша осы жылдың көктемінде кебектің 1 тоннасы 57 000 теңгені құраған. Қазір тонна бағасы екі есеге, яғни 90 000 теңгеге дейін өсті.
Талдау қорытындысы бойынша кебектің қымбаттауының негізділігіне баға берілетін болады. Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері анықталған жағдайда монополияға қарсы ден қою шаралары дереу қабылданатын болады.
Сурет ашық көздерден алынды