
Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департамент Кедергілер жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді, онда электрондық сауда алаңдарында қосымша алымдар түрінде табиғи монополиялар субъектілері сатып алатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу нарығына қолжетімділікті шектеу мәселесі талқыланды.
Отырыста Кедергілер жөніндегі кеңес мүшесі Евгений Савин сөз сөйледі. Оның айтуынша, 2019 жылы заңнамаға табиғи монополия субъектісіне электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілген.
Бұл тәсіл сатып алу рәсімін айтарлықтай жеңілдетеді, көптеген табиғи монополия субъектілері, әсіресе ірі энергетикалық холдингтерге кіретіндер, электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға көшті.
Алайда, электрондық сауда алаңдары абоненттік төлеммен, яғни алаң жүйесіне рұқсат бергені және табиғи монополия субъектілері ұйымдастыратын сатып алуға қатысу мүмкіндігі үшін төленетін төлеммен қатар жеткізушілерге «ұтып алған жағдайда» қосымша төлемдер белгілейді, олардың мөлшері өнім беруші жеңімпаз деп жарияланған лот құнына пайыздық арақатынаста айқындалады.
Сонымен бірге, Евгений Савиннің айтуынша, егер электрондық сауда алаңына кіру ақысы ешқандай сұрақ тудырмаса, онда жеңген жағдайда жеткізушінің электронды алаңға қосымша ақша төлеуі негізсіз, өйткені сайт қосымша операциялар жасамайды және қызмет жеткізушісіне қызмет көрсетпейді.
Қазіргі уақытта табиғи монополия субъектілері тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын негізгі электрондық сауда алаңдары мыналар:
- etbemp.kz -абоненттік төлем айына 10 000 теңге + ұтқан жағдайда қосымша 0,15% ;
- ets-tender.kz -абоненттік төлем 3 айға 15 000 теңге + ұтқан жағдайда 0,2% ;
- mp.kz - бірнеше тариф, "бизнес" тарифінде айына 4000 теңге + ұтқан жағдайда 0,25%.
Іс жүзінде, егер табиғи монополия субъектісі сатып алуды электрондық сауда алаңы арқылы жүзеге асырса, жеткізуші оған тауар жеткізуді/қызмет көрсетуді/жұмысты орындауды электрондық сауда алаңынан арқылы ғана ұсына алады.
Осыған байланысты өнім берушілер төлемдер бөлігінде оларға ұсынылатын (таңылатын) шарттарға келісуге мәжбүр, бұл шығындарды өнім беруші тауардың/жұмыстың/көрсетілетін қызметтің құнына қосады, бұл оның қымбаттауына тікелей әсер етеді.
Егер өнім беруші осы қосымша төлемдерге келіспесе, алаң оны болдырмауға не бұғаттап тастау мүмкіндігіне ие болып оты, бұл өз кезегінде оның сатып алуға қатысуын шектейді.
Талқылау қорытындысы бойынша Кедергілер жөніндегі кеңес мүшелері Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне ҚР "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңына өзгерістер енгізіп, жеңімпаз деп танылуына байланысты сауда-саттыққа қатысушылардан қосымша төлем алу мүмкіндігін болдырмайтын норманы енгізу жөнінде Кедергілер картасына аталған кедергіні қосу туралы шешім қабылдады.
Сурет ашық көздерден алынды