ЕЛОРДАДА БИРЖАДА САТЫП АЛЫНҒАН КОММУНАЛДЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ КӨМІРДІ САТУ БАСТАЛДЫ

ЕЛОРДАДА БИРЖАДА САТЫП АЛЫНҒАН КОММУНАЛДЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ КӨМІРДІ САТУ БАСТАЛДЫ

Нұр-Сұлтанда елордалық монополияға қарсы орган қызметкерлері «Север Энерго көмір Снаб» ЖШС-нің аймақтық көмір тұйығында болды. Аталған серіктестік  және ЖК «БЕК-АЙДА», ЖК «САБИНА» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коммуналдық-тұрмыстық көмірді биржалық сауда-саттықтардан тікелей өндірушілерден шағын партиялармен сатып алу және өткізу үшін тауар биржаларында аккредиттеуден өткен өңірлік операторлар болып табылады.

«Север Энерго көмір Снаб» ЖШС өкілдері монополияға қарсы орган қызметкерлеріне «Қаражыра» разрезінен (фракция 0-300) биржалық сауда-саттықта сатып алынған коммуналдық-тұрмыстық көмірді көрсетті. Бүгінгі таңда 978 тонна көмір тұйыққа дейін жеткізіліп, халыққа 12 200 теңге/т бағамен сату басталды. Сондай-ақ, тұйықтың иелерінің ақпараты бойынша, тамыз айында олар биржа арқылы тағы 1000 тоннаға жуық көмір сатып алған, оларды Герцен көшесі мен «Қырқыншы» стансасында 2 тұйықта сатуды жоспарлап отыр. Сұраныс пен қажеттілік болған жағдайда, кәсіпорын тағы қосымша коммуналдық-тұрмыстық көмірді сатып алу үшін сауда-саттыққа одан әрі қатысуға әзір екенін жеткізді.

Сондай-ақ, биржалық сауда-саттықта көмірді қыркүйек айының соңына қарай жеткізу шартымен ЖК «БЕК-АЙДА» (Д маркалы «Шұбаркөл» өндірісінің 1632 тоннасы (50-300мм) және ЖК «САБИНА» («Шұбаркөл» өндірісінің 2108 тоннасы (50-300мм) сатып алған.

Нұр-Сұлтан қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының деректері бойынша елорданың көмірге қажеттілігі маусымда 500 000 тоннаны құрайды.

Кездесу қорытындысы бойынша, монополияға қарсы орган коммуналдық-тұрмыстық көмірді сату бағасының негізсіз, алыпсатарлық бағасының өсуіне жол бермеу туралы нарық субъектілерінің назарына жеткізді.