БИРЖАДА САТЫП АЛЫНҒАН КОММУНАЛДЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ КӨМІР ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА ХАЛЫҚҚА САТУҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

БИРЖАДА САТЫП АЛЫНҒАН КОММУНАЛДЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ КӨМІР ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА ХАЛЫҚҚА САТУҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

7 қыркүйекте Павлодар облысы бойынша монополияға қарсы департаментінің қызметкерлері аумақтың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілімен бірлесіп «А-Вест Павлодар» ЖШС мен «Север Энерго Уголь Снаб» ЖШС-ның көмірді сақтау, жөнелту және халыққа өткізу алаңына барды.

«А-Вест Павлодар» ЖШС мен «Север Энерго Уголь Снаб» ЖШС Павлодар облысының өңірлік операторлары болып табылады, олар коммуналдық-тұрмыстық көмірді шағын партиялармен тікелей өндірушілерден, биржалық сауда-саттықта сатып алу және өткізу үшін тауар биржаларында аккредиттеуден өтті. Олардың өкілдері биржалық сауда-саттық арқылы сатып алынған көмір көлемінің тұйықтарда бар екенін көрсетті.

 Атап айтқанда, «А-Вест Павлодар» ЖШС биржада тұрмыстық қажеттіліктерге арналған 6 256 тонна көлемінде орташа жоғары күлді, ДВ кіші топтық Д маркалы шұбаркөл көмірін сатып алды.  Қазіргі уақытта оны 13 000 теңге/тонна (тұтыну көмірі), 16 000 теңге/тонна (сорттық көмір) бағасы бойынша сатады.

 «Север Энерго Уголь Снаб» ЖШС тауар биржасында «Қаражыра» разрезінің Д маркалы көмірін сатып алды. Қыркүйек айында сату көлемі тоннасына 11 000 теңге бағамен 700 тоннаны құрайды.

   Темір жол тұйықтары тиеу-түсіру жұмыстары, көмірді сақтау, өлшеу үшін барлық қажетті жағдайлармен және төлем пункттерімен техникалық жабдықталған.