
Қол қойылған меморандум аясында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Қаржы мониторингі агенттігі бәсекелестікті қорғау саласында, оның ішінде монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша ынтымақтастықты нығайтатындарын мәлімдеді.
Меморандум ақпарат алмасуды, бірлескен алдын алу іс-шараларын жүргізуді және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды анықтау үшін топтар құруды көздейді.
Сурет ашық көздерден алынды