МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМ МҮДДЕЛЕРІНІҢ ТЕҢГЕРІМІ

МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМ МҮДДЕЛЕРІНІҢ ТЕҢГЕРІМІ

Кеше, 7 қыркүйекте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі монополияға қарсы органының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Монополияға қарсы реттеу: мемлекет пен қоғам мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету" халықаралық конференциясына қатысты.

Серік Жұманғарин Беларусьтің монополияға қарсы ведомствосының ұжымын мерейтоймен шын жүректен құттықтап, бірінші басшы Владимир Колтович пен монополияға қарсы құраманың министрліктің тиімді дамуына қосқан үлесін жоғары бағалап, 50 жылдан кейін де осылай үлгі болуларын тіледі.  

Серік Жұманғарин өз сөзінде 8 қыркүйекте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан Президентіне тікелей есеп беретін дербес мемлекеттік орган ретінде құрылғанына бір жыл толатынын атап өтті.

"Агенттік COVID-19 пандемиясы туындаған өте қиын кезеңде құрылды", - деді ол. – Бұл уақытта біз әлеуметтік маңызы бар тауарлардың барлығына бағаның айтарлықтай өсуіне тап болдық. Біз бағалық сөз байласу белгілерін анықтау мақсатында әлеуметтік маңызды азық-түлік, көмір, ЖЖМ және газ бағаларына мониторинг жүргізуді жолға қойдық. Азық-түлік, құрылыс және дәрі-дәрмек нарықтарында сөз байласудың жолын кесу бойынша бақылауды күшейттік. Нәтижесінде ӘМАТ бағасының апта сайынғы өсу серпіні сәуірде +0,6% - дан тамыз айының соңында -0,3% - ға дейін төмендеді, бензин мен дизель отынына бағалар тұрақтанды, бастапқы тұрғын үй бағасының өсу қарқыны қаңтардағы 3% - дан шілдеде 0,4% - ға дейін төмендеді.

Қазір біз әлеуметтік маңызды нарықтарды талдау спектрін кеңейтудеміз, олар теміржол және қоғамдық көлік, білім беру, ұялы байланыс, интернет қызметтері, дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар, зертханалық қызметтер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық-домофондар, лифттер, басқарушы компаниялар, биллингтік қызметтер. Сондай-ақ, төлем ұйымдарының қызметтеріне, әсіресе коммуналдық қызметтерге, мемлекеттік монополиялардың, мемлекеттік және жеке операторлардың қызметтеріне қаражат аудару кезінде бағаларды төмендету бойынша шаралар қабылданатын болады.

Сөз соңында Серік Жұманғарин қатысушыларды осы жылы 7-8 қазанда Алматыда өтетін Еуразиялық монополияға қарсы форумға шақырды.