АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ ҚИЫРШЫҚ ТАС ӨНДІРУШІГЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗУДЕ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ ҚИЫРШЫҚ ТАС ӨНДІРУШІГЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗУДЕ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (БҚДАД) аймақтағы құрылыс материалдары нарығына талдау жүргізді.

Жүргізілген талдау негізінде Еңбекшіқазақ ауданы бойынша қиыршық тас өндірушілерге, «АКНМ» ЖШС және «Кентас» ЖШС атына бағаларды белгілеу және ұстап тұру бойынша хабарламалар шығарылды. Аталған нарық субъектілері Департаментке қиыршық тас бағасын төмендету арқылы хабарламаны орындағандары туралы ақпарат берді.

Алайда, «Кентас» ЖШС-нен келіп түскен жаңа материалдарды зерттеу барысында кәсіпорынның Департамент хабарламасын орындамағаны, қиыршық тас бағасы төмендетілмегені анықталды. Осылайша, «Кентас» ЖШС-нің хабарламаның орындалуы туралы бұрын берілген ақпараты жалған болып табылды.

Монополияға қарсы органға қатысты жалған мәліметтер бергені үшін «Кентас» ЖШС-не әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салынды.

Орындалмаған хабарлама үшін, БҚДАД бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасының бұзылуын жою үшін «Кентас» ЖШС-не қатысты тергеу жүргізу туралы шешім қабылданды.

 

Сурет ашық көздерден алынған