
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне жекеменшік мектеп әкімшілігінің оқушыларға арналған мектеп формасын міндетті түрде сатып алу туралы талаптарына қатысты өтініш келіп түсті. Онда мектеп формасының жекелеген элементтері нақты бір дайындаушыдан сатып алынуы тиіс екендігі атап өтілді.
Жекеменшік мектептің іс-әрекетінен бір дайындаушыдан жеңілдетілген мектеп формасын сатып алуға заңсыз ықпал ету белгілері қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 177-бабының 1-тармағына сәйкес артықшылықтарға қол жеткізуге бағытталған кез келген іс-әрекеттер жөн-жосықсыз бәсекелестік болып табылады. Жөн-жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.
Кодекстің 199-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін, оның ішінде бұрын жасалған шарттарға өзгерістер енгізу арқылы жою жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабарлама жіберілді.
Хабарламаны орындамау тергеп-тексеруді тағайындау үшін негіз болып табылады.
Сурет ашық көздерден алынды