ЕЛОРДАЛЫҚ КЕДЕРГІЛЕР ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ШЕКТЕУДІҢ КЕЗЕКТІ БЕЛГІСІН АНЫҚТАДЫ

ЕЛОРДАЛЫҚ КЕДЕРГІЛЕР ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ  ШЕКТЕУДІҢ КЕЗЕКТІ БЕЛГІСІН АНЫҚТАДЫ

2021 жылы 27 тамызда ҚРБҚДА Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Кедергілер жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста «Қазақстан теміржол жүк тасымалдаушылар қауымдастығы» өзін-өзі реттеу ұйымы» ЗТБ-нің теміржол жүк тасымалдары нарығында бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюға қатысты өтініші қаралды.

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 27-бабының 1-тармағына сәйкес, кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында кеден органдары Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен, халықаралық әуежайларымен, теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Қолданыстағы тәртіп бойынша, темір жол көлігімен тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік рәсімдерді жүзеге асыру процесі, тек «ҚТЖ– Жүк тасымалдары» АҚ мен Мемлекеттік кірістер органдары арасында ғана регламенттелген.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Темір жол көлігі туралы» ҚР Заңына сәйкес, темір жол көлігімен жүк тасымалдау нарығы бәсекеге қабілетті болып табылады.

Ұлттық жүк тасымалдаушы «ҚТЖ–Жүк тасымалы» АҚ-мен қатар ЖШС тұлғасында екі жеке тасымалдаушы жұмыс істейді, шамамен 50 компанияның теміржол көлігімен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға лицензиясы бар.

Яғни, қолданыстағы редакциядағы заң нормасы, басқа тасымалдаушылар үшін нарыққа кіруге кедергі болып табылады

Бұған дейін, аталған мәселе уәкілетті мемлекеттік органдармен талқыланып, олар Кеңестің ұстанымын бірауыздан қолдады.

Отырыс қорытындысы бойынша Кеңес бұл мәселені «Кедергілер картасына» енгізу туралы шешім қабылдады.

 

Сурет ашық көздерден алынды