МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНҒА АҚПАРАТ БЕРМЕГЕНІ ҮШІН КӘСІПКЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНҒА АҚПАРАТ БЕРМЕГЕНІ ҮШІН КӘСІПКЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті құрылыс материалдарын өндіру және өткізу нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне жүргізіліп жатқан талдау және бағалау барысында полиэтилен құбырын өндіру және өткізу бойынша нарық субъектілеріне сауал жолдады.

Монополияға қарсы департаменттің сауалына ақпарат ұсынбау фактісі бойынша «ДАНиЕр» ЖШС-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 162-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

 Департаменттің қаулысымен «ДАНиЕр» ЖШС құқық бұзушылыққа кінәлі деп танылып, 360 АЕК немесе 1 050 120 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  Айыппұл толық көлемде төленді.

 

Сурет ашық көздерден алынды