АРСЕЛОР МИТТАЛ ТЕМІРТАУҒА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНҒА АҚПАРАТ БЕРМЕГЕНІ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

АРСЕЛОР МИТТАЛ ТЕМІРТАУҒА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНҒА АҚПАРАТ БЕРМЕГЕНІ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Компания  әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне (Департамент) Қарағанды облысы құрылыс салушылар қауымдастығының металл илегі құнының өсуіне қатысты өтініші 2021 жылдың наурыз айында келіп түсті. Сол кезде осы өтінішті қарау шеңберінде монополияға қарсы департамент «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның атына, оның ішінде металл прокаты бағасының көтерілу себебіне қатысты тиісті сұрау жіберді, алайда «Арселор Миттал Теміртау» толыққанды ақпарат берген жоқ.

Департамент «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-на қатысты толыққанды және тиянақты ақпаратты бермеуіне байланысты 2021 жылы мамырда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 162-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.

Іс материалдары «Арселор Миттал Теміртау» АҚ өтініші негізінде Қарағанды облысы Теміртау қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жіберілді,  сот отырысында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ тарапынан Департаментке толық ақпарат бермеу фактісі анықталды. 2021 жылы 5 тамызда «Арселор Миттал Теміртау» АҚ мамандандырылған соттың қаулысымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 162-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, компанияға 3 267 040 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы әлі күшіне енген жоқ.

 

Сурет ашық көздерден алынды